Балқаштан Алматы мен Астанаға жаңа әуе бағыттары ашылады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі хабарлады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Әкімдік мәліметінше, маусым айынан тамызға дейін «Алматы – Балқаш – Алматы» бағыты бойынша тікелей рейс іске қосылады. Бұл бағытпен SCAT Airlines әуе компаниясы аптасына бес рет ұшады. Бағытта 50 жолаушыға дейін сыятын CRJ 200 ұшақтары пайдаланылады. Бір бағыттағы билет құны – 16 мың теңге.
Сонымен қатар осы кезеңде «Астана – Балқаш – Астана» бағыты бойынша күнделікті рейс ұйымдастырылады. Бұл бағытта тасымалдаушы ретінде Qazaq Air әуе компаниясы қызмет көрсетеді. Ұшулар Bombardier Q400 әуе кемелерімен жүзеге асырылады. Бұл ұшақтардың сыйымдылығы 78-ден 86 жолаушыға дейін жетеді. Билет бағасы бұл бағытта да 16 мың теңге болады.
Екі бағытты да мемлекет субсидиялайды. Бұл өңіраралық әуе қатынасын дамытуға және жолаушылар үшін қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.
