Банк қызметкері зейнеткердің атынан 1,5 млн теңге несие алған

Не болды?

Қарағанды облысының Осакаров ауданында банк қызметкері зейнеткердің атынан 1,5 млн теңге несие алған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, 67 жастағы зейнеткер өз атына 1,5 млн теңге заңсыз несие рәсімделгенін айтып, шағымданған. Қылмыстық іс бойынша тергеу барысында 36 жастағы бұрынғы банк қызметкері ұсталды.

Зейнеткер бұған дейін несие алу үшін банкке құжат тапсырған. Банк қызметкері, яғни, күдікті сол деректі пайдаланып, зейнеткердің атынан несие алған. Алайда несие мақұлданбады деп зейнеткерді алдап, қаражатты өз шотына аударған, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, былтыр Түркістанда басқа біреудің атына 26 онлайн-несие рәсімдеген алаяқ ұсталған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да