Түркістанда өзгенің атына 26 онлайн-несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Түркістан облысында 26 онлайн-несие рәсімдеген күдікті қолға түсті. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлап отыр.

Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде ПД киберқылмыспен күрес басқармасының басшысы Ермек Шаким интернет-алаяқтыққа қатысты жағдайды баяндады.

Оның айтуынша, алаяқтықтың ең кең тараған схемаларына банк қызметкерлері атынан қоңырау шалу, алдын ала төлем талап ету, күмәнді инвестицияларға ақша салуды ұсыну, таныстар атынан ақша аударуды сұрау, сонымен қатар жалған жүлделер мен лотереялар кіреді.

Жыл басынан бері полиция бірнеше көптеген қылмысқа қатысы бар күдіктілерді анықтап, ұстаған.

Сауран ауданының тұрғыны өзге адамдардың атына 26 онлайн-несие рәсімдеді деген күдікпен ұсталды. Мақтаарал ауданының тұрғыны жұмысқа орналастыру жөнінде алаяқтық жасаған болса, Шымкент қаласының тұрғыны осындай төрт эпизодқа қатысы бар болып шықты, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да