Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Перизат Қайрат түрмеде жұмысқа орналасты

Фото: Ratel.kz
Жазасын өтеп жатқан Перизат Қайрат түрмеде жұмысқа орналасты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сотталған азаматша сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Ол мекемеде жұмысқа тартылған және қызметтік үй-жайларды тазалау жұмысын атқарады, – делінген хабарламада.

Еске салайық, Перизат Қайрат пен оның анасы мүгедек балаларға, сонымен қатар Қазақстандағы су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккендерге қайырымдылық көрсету мақсатында жиналған 3 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталды.

9 шілдеде Астанада Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы кезінде ол құқық қорғау органдары қызметкерлерінен жәбір көргенін айтқан еді. Алайда ІІМ бұл мәлімдемесін жоққа шағырып, растаған жоқ.

Сот Перизат Қайраттың дүние-мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға, анасын жеті жылға бас бостандығынан айырды.