Қазақстанда жануар өлтіргендердің жазасы қатаңдайды

Не болды?

Мәжіліс отырысында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы талқыланып жатыр. Заң жобасы бойынша, жануар өлтіргендердің жазасы қатаңдайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуына қарағанда, қолданыстағы заң бойынша жануарды қинаған адам 30 күнге дейін қамалады. Ал «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» жаңа заң қабылданса, бұл мерзім 6 айға дейін ұзарады.

Қазіргі заң бойынша, жануар өлтіргендер екі жылға сотталады. Ал жаңа заң жобасына бойынша, жазаны үш жылға дейін қатаңдату қарастырылып жатыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, былтыр Алматыда ит пен мысықты тегін чиптеу бағдарламасы басталған еді.