Бибісара Асаубаева фристайл-шахматтан әлем чемпионын жеңді

Не болды?

Қазақ шахматшы, үш мәрет әлем чемпионы Бибісара Асаубаева фристайл-шахмат ойынында жеңімпаз болды. Ол классикалық шахматтан әлем чемпионы Александра Костенюкті жеңді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Германияда фристайл-шахматтан әлем чемпионаты тек ерлер арасында өтті. Ал Бибісара Асаубаева мен Александра Костенюк көрме ойын ғана ойнады. Ойын төртінші партияда 2,5:1,5 есебімен аяқталды. Осылайша, Бибісара Асаубаева шахматтан әлемнің 12-ші чемпионы Александра Костенюкті жеңді. Ұйымдастырушылар 2027 жылы фристайл-шахматтан әйелдер арасында әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отыр.

Жеңіс тұғырынан көрінген әрдайым қуантады. Әсіресе, бұл жеңіс алдағы әлем чемпионатына жол ашса, тіпті жақсы, – деп жазды Бибісара Асаубаева.

Анықтама

Александра Костенюк – Ресей мен Швейцария шахматшысы, әлемің 12-ші чемпионы, халықаралық гроссмейстер.

Фристайл-шахмат – XX ғасырдың аяғында әлем чемпионы Бобби Фишер ойлап тапқан шахмат түрі. Сондықтан фристайл-шахматты Фишер шахмат деп те атайды. Қарапайым шахмат ойынынан ерекшелігі – әр партия сайын фигуралар орналасу ретін ауыстырады.

Контекст

Естеріңізге салайық, былтыр Бибісара Асаубаева үш рет әлем чемпионы болды.