Не болды?
Қазақстанда жүргізуші болмайтын таксилер алғаш рет жолға шығады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметі бойынша, бұл бастама қалада мобильдікті арттырып, логистика бағытын дамытуға ықпал етеді. Жүргізушісіз таксилер пилот режимінде Астана мен Алматыда және Ақмола облысында сынақтан өтеді.
Ұзақ мерзімде қарастырсақ, бұл бағыт цифрлық экономиканың жаңа сегментін қалыптастырып, бюджетке қосымша қаражат әкелуге мүмкіндік береді, — делінген министрлік хабарламасында.
Контекст
Естеріңізге салайық, жүргізушісіз такси жобасын іске қосу үшін жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, көлік министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және inDrive компаниясы меморандумға қол қойған еді.
