Не болды?
Наурыз айы қарсаңында Air Astana әуе компаниясы Алматы – Баку бағыты бойынша ұшатын тікелей рейстерді қайта іске қосады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Әуе компаниясы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Алматы – Баку – Алматы бағыты бойынша рейс 2026 жылғы 15 наурыздан бастап аптасына екі рет — бейсенбі және жексенбі күндері ұшады.
Сәуір айынан бастап аптасына үш рейс ұшады. Рейс мамырдан бастап дүйсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері аптасына төрт ретке дейін көбейеді.
Атыраудан да ұшатын рейстер саны артады
Компания мәліметінше, Алматыдан бөлек Атырау – Баку – Атырау бағыты бойынша да ұшатын рейстер жиілейді.
18 наурыздан бастап бұл бағыттағы ұшақ дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері ұшады. Ал сәуірден бастап сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұшады.
Ұшу уақыты мен билет бағасы
Бір адамға Бакуге барып-қайту билетінің бағасы:
- Алматыдан — 157 182 теңгеден бастап;
- Атыраудан — 97 093 теңгеден бастап.
Қазақстан азаматтарына Әзербайжан мемлекетіне кіру үшін виза қажет емес.
Контекст
Естеріңізге салайық, Air Astana Қазақстаннан Кипрге тікелей рейстер ашты.
Air Astana 2034 жылға дейін 25 ұшақ сатып алады.
