Ресейде WhatsApp пен YouTube бұғатталды

Ресей аумағында WhatsApp пен YouTube толықтай бұғатталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Коммерсантъ» басылымының мәліметінше, whatsapp.com және web.whatsapp.com домендері Ресейдің ұлттық домендік атаулар жүйесіндегі жазбалардан өшірілген. Сонымен қатар 10 ақпанда YouTube домені де тізімнен алынған. Соның салдарынан пайдаланушылардың құрылғылары осы платформалардың IP-мекенжайларын ала алмай отыр.

Қазіргі уақытта сервистерге Ресей аумағында тек VPN арқылы кіруге болады.

Сарапшылар шектеулер «Роскомнадзор» тарапынан енгізілген болуы мүмкін екенін айтады. Олардың пікірінше, бұл қадам техникалық ресурстардың шектеулігімен байланысты болуы ықтимал.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да