Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Бакуге барды

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Бакуге барды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Саммит экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының 25 жылдық мерейтойына арналған. Шарада бағдарламаға қатысушы ел президенттері бас қосады. Орталық Азия елдерінің басшылары экономикалық әріптестікті талқылап, елдердің экономикасын нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойды.