Не болды?
30 қаңтар күні «Қайрат» футбол клубы Юг Станоевпен қоштасты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Юг алматылық клубқа 2024 жылғы жазда қосылды. Командада жүріп, мынадай жетістіктерге жетті:
- Қазақстан чемпионатын екі рет;
- Қазақстан суперкубогын жеңіп алды;
- UEFA чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысты.
Бір жарым жыл ішінде 48 ойын өткізді. 3 гол соқты және 5 ассист жасады.
Контекст
Естеріңізге салайық, «Қайрат» футбол клубы бразилиялық шабуылшы Элдер Сантанамен қоштасқан еді.
