Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Қайрат» футбол клубы Элдер Сантанамен қоштасты

Фото: Vesti.kz

Не болды?

«Қайрат» футбол клубы бразилиялық шабуылшы Элдер Сантанамен қоштасты. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубы хабарлап отыр.

Мәлімет

Ол клубқа 2024 жылы қосылды. Командамен бірге екі дүркін Қазақстан чемпионы болды. 2025 жылы Ақтөбеге қарсы өткен суперкубок ойынында сәтті пас беріп, матчтың үздік ойыншысы болды.

Элдерге клуб жетістіктеріне қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы мансабында сәттілік пен жаңа табыс тілейміз, – дейді «Қайрат» футбол клубы.

32 жастағы футболшы «Қайрат» құрамында жалпы 31 матч өткізді. Бес гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Ақпарат

Маусымның аяқталуына байланысты «Қайрат» бразилиялық шабуылшы Жоао Пауломен, қақпашы Александр Заруцкиймен де қоштасты. Қорғаушы Дамир Қасаболатпен келісімшартты 2027 жылдың соңына дейін ұзартты.

Мақалаға реакция