Не болды?
Ұлттық банк 18 жасқа дейінгі әр баланың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры шотына 130,71 АҚШ долларынан (66 248,74 теңге) аударды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ұлттық банктің 2025 жыл қорытындысына қарағанда, бағдарламаға 6 918 656 бала қатысқан. Ұлттық қорды басқарудан түскен жылдық инвестициялық табыс 8,7 млрд АҚШ долларын құрайды.
- 2024 жылы әр балаға 100,52 АҚШ доллары;
- 2025 жылы 129,38 АҚШ доллары берілген еді.
Әр балаға бөлінетін сома қалай анықталады?
Жыл сайын әр балаға бөлінетін сома ұлттық қордың ұзақмерзімді табысының 50 пайызы мен қордағы валюта активтерінің көлеміне байланысты анықталады. Шотқа осыған дейін аударылған қаражат бала 18 жасқа толғанша Ұлттық қор портфелінде жинала береді.
Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап бір баланың шотында 370,56 АҚШ доллары бар.
Контекст
Естеріңізге салайық, баланың шотына түскен ақшаны қалай тексеруге болатынын жазған едік.
