Тұңғыш бас мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы қайтыс болды

Не болды?

Қазақстанның тұңғыш бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүниеден өтті. Бұл туралы ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеп отыр. 

Мәлімет

Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылы туған. Діни қайраткер, Құран Кәрімді қазақ тіліне аударғандардың бірі. Ислам және рухани ағарту тақырыбына арналған бірқатар еңбектің авторы.

2020 жылы президенттің жарлығымен Рәтбек қажы Нысанбайұлы діни-рухани салаға қосқан үлесі үшін және 80 жасқа толған мерейтойына орай, «Парасат» орденімен марапатталған.

Жуырда ғана Рәтбек ұстаздың үйінде болып, ахуал сұрасып, сұхбаттасқан едік. Ақсақалдың дәм-тұзы таусылған екен. Алла алдынан жарылқасын. Иманы өзіне серік болсын, — деп жазды бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Контекст

Қазақстан тарихындағы бас мүфтилер туралы мына жерден оқыңыз.