Не болды?
Бүгін «Астана Арена» стадионында Алматының «Қайрат» футбол клубы мен Грекияның «Олимпиакос» командасы кездеседі. Дастан Сәтбаев алаңға шықпайды. Бұл туралы Qazsport хабарлап отыр.
Мәлімет
Бұл — еуропалық турнирдегі екі команда арасындағы ерекше ойын. 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтбаев «Копенхегенге» қарсы матчта сары қағаз алды. Сол үшін келесі (бүгінгі) ойыннан шеттетілген.
UEFA Чемпиондар лигасының 6-туры аясындағы ойынды бүгін «Qazaqstan» арнасынан 20:20-да көруге болады.
Контекст
Естеріңізге салайық, «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирил Кекер қайтыс болды.
Дастан Сәтбаев 2008 жылы туған үздік бес футболшының қатарына енді.
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» ойындарын Астанада өткізеді.
