«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирил Кекер қайтыс болды

«Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Кирил Кекер қайтыс болды. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубы хабарлап отыр.

10 жылдан астам уақыт «Қайрат» жүйесінің ажырамас бөлігі болып, қазақ футболының даму бағытын айқындауға атсалысқан адамның қазасы бәрімізді күйзелтті. Кирил Сергейұлы ісіне адал, талапшыл әрі әділ маман еді. «Қайрат» Кирил Кекердің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады, – делінген хабарламада.

Кирил Кекер 46 жасында бақилық болды. Ол «Қайратта» 2016 жылдан бері қызмет етті. 2022-2024 жылдар аралығында негізгі команданың да бас бапкері болған.

Кирил Кекер Қазақстан U19 құрамасын баптап жүрген еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да