2026 жылы жол ережесін бұзған адам төлейтін айыппұл өседі

Не болды?

Президент үш жылдық республикалық бюджет туралы заңға қол қойды. Заң бойынша, 2026 жылы АЕК мөлшері 4 325 теңге болады.

Мәлімет

Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 393 теңге көп. Енді Қазақстан азаматтары жаңа заңның 7-бап 4-тармағы бойынша, жылдамдық арттырғаны үшін мынадай айыппұл төлейді:

  • 10–20 км/сағ аралығында асырса, 5 АЕК (21 625 теңге);

  • 20–40 км/сағ — 10 АЕК (43 250 теңге);

  • 40–60 км/сағ — 20 АЕК (86 500 теңге);

  • 60 км/сағ және одан көп — 40 АЕК (173 000 теңге).

5 АЕК (21 625 теңге) айыппұл мына кезде төленеді:

  • жүргізушінің куәлігі немесе сақтандыруы болмаса;

  • жолаушы мен жүкті тасымалдау ережелері сақталмаса;

  • жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаса;

  • көлік айдап келе жатып, телефон қолданса;

  • алдыңғы әйнектерді заңсыз қараңғылатса;

  • техникалық байқаудан өтпеген автокөлік айдаса.

Ал 10 АЕК (43 250 теңге) айыппұл мына кезде салынады:

  • мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ автокөлікті айдаса;

  • тоқтау немесе тұрақ ережелерін бұзса;

  • рұқсат етілмеген жерде кері бұрылып кетсе;

  • бағдаршамның қызыл түсіне немесе реттеушінің тыйым салған ым-ишарасына қарамай, қиылыстан өтіп кетсе;

  • теміржол өткелінен тыс жерден теміржол жолын кесіп өту, жабық немесе жабылып жатқан шлагбаум кезінде теміржол өткеліне шыққан кезде салынады.

15 АЕК (64 875 теңге) айыппұл мына кезде салынады:

  • жол бойында басымдық құқығы бар көлікке жол бермесе;

  • жаяу жүргіншілер жолымен, жол жиегімен немесе тротуармен жол қозғалысы ережелерін бұза отырып жүрсе;

  • тежегіш жүйесінде, рөлінде немесе тіркеу-қосқыш құрылғысында ақауы бар автокөлік айдаса;

  • рұқсатсыз қайта жабдықталған автокөлік айдаса.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да