Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгілік елшісі болды

Не болды?

8 желтоқсан күні Женевада жыл сайынғы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық сессиясы өтті. Жиында көші-қон ұйымы (ХКҰ) Димаш Құдайбергенге жаһандық ізгілік елшісі мәртебесін берді.

Мәлімет

Әнші 2024 жылы аймақтағы ізгілік елшісі болған еді. Әлеуметтік науқандарға белсенді қатысып, көші-қон, адам саудасы және осал топтардың мәселелеріне назар аударды. Бұл туралы ХКҰ бас директоры Эми Поуп айтты.

Димаш дауысын тек ән айту үшін емес, маңызды мәселелерді қозғау үшін де қолданады, – деді ол.

Бас директордың лебізіне Димаш Құдайберген де рақмет айтты.

Бүгін, дәл осы жерде сіздермен бірге болғаныма өте қуанып отырмын. Жаһандық ізгілік елшісі атағын алу – ерекше құрмет. Бұл мәртебені үлкен кішіпейілдікпен әрі зор жауапкершілікпен қабылдаймын, — деді әнші.

Ол халықаралық саханада «Мен үшін ХКҰ-ның жаһандық ізгілік елшісі болу – ең алдымен үлкен жауапкершілік» деп, сөзін қазақша қорытындылады.

Контекст

Естеріңізге салайық, Димаш Құдайбергеннің Нию-Йорктегі концерті туралы деректі фильм шығады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да