Түрікменстан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.