Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық іздеуде жүрген елордалық алқаның бұрынғы адвокатын шетелден Астанаға экстрадициялады.
ҰҚК мәліметінше, күдікті аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген айыппен 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген.
Қазіргі уақытта экстрадицияланған азамат тергеу изоляторында қамауда отыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
