Қазақстанның 3 өңірінде құрылыс қарқыны төмендеді

Қазақстанның бірқатар өңірінде құрылыс саласының қарқыны баяулады. Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеп отыр.

Министрдің айтуынша, биыл қаңтар-қыркүйек айларында ел бойынша жалпы 12,9 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға жоғары. Алайда, өңірлер арасында айырмашылық бар. Астана мен Алматыда, сонымен қатар Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Түркістан облыстарында құрылыс жұмыстарының көлемі өскен.

Құрылыс жұмыстарының төмендеуі Атырау және Абай облыстарында, сонымен бірге Шымкент қаласында байқалды, — деді Азамат Әмрин үкімет отырысында.

Вице-министрдің айтуынша, ең жоғары өсім көрсеткіштері Ұлытау, Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарында, сонымен қатар Алматы қаласында тіркелген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да