Неке қиюға мәжбүрлеу: жаңа заң күшіне енді

Не болды?

Елімізде Қылмыстық кодекстің жаңа бабы «Неке қиюға мәжбүрлеу» бойынша алғашқы қылмыстық істер тіркелді. Бұл туралы бас прокуратура хабарлап отыр.

Мәлімет

Прокуратураның мәліметінше, жәбірленушілер — кәмелетке толмағандар.

Алғашқы оқиға Қарағандыда болған. Өгей әке 15 жастағы қызын 38 жастағы ер адамға тұрмысқа берген. Ал қыздың туған әкесінің айтуынша, өгей әкесі қызды танысына шариғат бойынша күйеуге беріп жіберген.

Кейінгә бес жылда Қазақстанда неке қиюға мәжбүрлеу фактілері бойынша 257 қылмыстық іс қозғалған, алайда олардың 95%-ы тоқтаған. Енді жаңа заң мұндай жағдайға жол бермейді. Іс жәбірленуші кешірім берсе де жабылмайды.

Сонымен қатар, Қазақстанда Қылмыстық кодексте сталкиңге қатысты жаңа 115-1-бап енді. Сталкиң деген — зорлық-зомбылықсыз жүйелі түрде жәбірленушінің ізінен қалмау. Бұл бойынша да алғашқы екі іс Атырау және Павлодар облыстарында тіркелген.

Атырау облысында түнде әйелдердің үйіне жасырын барып, терезе алдында әдепсіз әрекет еткен ер адам күдікті саналып отыр.

Жаңа заң бойынша, сталкиң жасаған адам 2000 АЕК дейін (шамамен 7,86 млн теңге) айыппұл, түзеу жұмыстары, бостандықты шектеу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Контекст

Естеріңізге салайық, осыған дейін жаңа заң не туралы екенін жазған едік.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да