Алматы «қызыл» аймақтан шықты

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиология ахуалын бағалау матрицасын жариялады.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан мен Ақмола, Қарағанды облыстары тұр.

«Сары» аймақта Алматы мен Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Ал Шымкент пен Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары «жасыл» аймақта.

Матриуа, коронавирус

Айта кетейік, Қазақстан бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны айтарлықтай азайды. Елімізде өткен тәулікте 1 123 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.

Еске салайық, Алматы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа 10 наурызда қайта кірген еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да