Елбасы Қалиев — Шымкент тұрғыны. Ата-анасы өткен ғасырдың 50-жылдарының басында-ақ баласына осындай есім қойыпты. Ол бүгінде зейнеткер болса да, үйде қол қусырып отырғысы келмейді. Шымкентте салынған зауыт маңын көріктендіруге атсалысып жүр. Бұл жайлы мақала 1 сәуір күні жарияланды, бүгінге дейін 12 122 рет оқылған.
2. Баспана алу үшін неден бас тарту керек? Азаматтардың жеке тәжірибесі
Жеке үйің болуы үшін еңбек етуден басқа тағы қандай ерлікке бару керек? Нарықта құны шарықтап тұрған баспананы қалай өз қаражатыңызға алуға болады? Baribar.kz-тің бұл материалы ерік-жігерінің арқасында баспаналы болғандардың тәжірибесі туралы. Материал 2 сәуірде жарияланды, 8 691 рет оқылған.
3. Қыз пәктігі мен алғашқы жыныстық қатынас жөнінде нені білу қажет?
Алғашқы жыныстық қатынас, қыздық перде мен аплазия жөнінде нені білу керек? Baribar.kz «Интим 16+» айдарын жалғастырып, «Сұрақ-жауап» платформасында жиі кездесетін сұрақтарды гинеколог-дәрігерге қойды. Еңлік Сақтанның материалы 5 сәуірде жарияланды, бүгінге дейін 7 567 рет оқылған.
4. Ғылым және дәстүр мен дін қандай жағдайда үйленуге тыйым салады?
Қандай жағдайда үйленуге тыйым салынады? Некелесуге қатысты шектеулер жөнінде ғылым, дәстүр мен дін не дейді? Бұл туралы материал 4 сәуір күні шықты, 4 563 рет оқылған.
5. Тарихтағы атышулы оқиғалар мен арнайы операциялар туралы топ-5 фильм
Бұл материалда әйгілі арнайы операциялар және қазіргі заман тарихына енген атышулы оқиғалар мен жанжалдар туралы топ-5 фильмді тізілген. Фильмдер алған марапатына қарай іріктелді, 1 сәуір күні жарияланған материал бүгінге дейін 3 670 рет оқылған.
6. Сіз нені ескермей жүрсіз? Дәрігер кеңесі
Әр күн өнімді болуы үшін кей қарапайым ережені есте сақтап жүру керек. Адамның бәрі бірдей салауатты өмір салтын ұстанбауы мүмкін. Бірақ дәрігер Гүлмаржан Құрманова ұсынған бірнеше кеңес одан кем емес. 16 сәуірде жарияланған бұл материалда көпшілік мән бермей жүрген бірнеше маңызды ереже туралы айтылады. Ол 3 521 рет оқылған.
7. Әкімдер әлеуметтік желідегі жұртпен қалай тілдесіп жатыр?
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желілерде жұмыс істеу туралы әкімдерге берген тапсырмасынан кейін бірнеше облыстың әкімі желіден жеке аккаунтын ашып, халықпен пікірлесе бастады. Олардың ішінде әлеуметтік желінің маңызын түсініп, белсенді бола бастаған басшылар көп. Baribar.kz 9 сәуір күні мегаполис басшылары мен облыс әкімдерінің желідегі белсенділігін бақылап, әлеуметпен байланысына шолу жасады. Материал 3 237 рет оқылған.
8. Қарыз қайтармайтын адамды қалай жауапқа тарту керек?
Банктен немесе басқа да қаржы ұйымдарынан несие алғандардың заңды тұлғаға қарыз қайтаруы келісімшартпен реттеледі. Ал туысына, досына немесе танысына қарыз берген жеке тұлғалардың құқығы қалай қорғалады? Қарыз қайтармайтын адамды қалай жауапқа тарту керек? Қарыз берер кезде нені ескеру керек? Сотта қандай дәлел маңызды роль атқарады? Заңгер Марғұлан Шыныбаев бұл сұрақтарға 18 сәуір күні жауап берді. Материал 3 112 рет оқылды.
9. Балаға қандай білім маңызды? Асан Жолдасов бүгінгі оқушылардың талабы туралы
Асан Жолдасов — «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, педагог. Ол Baribar.kz-ке «Пифагор» қосымша білім беру мектебінің әдістемесі мен оның орта білім жүйесіндегі орны туралы айтып берді. Асан Жолдасовтың сұхбаты 8 сәуір күні жарияланды, бүгінге дейін ол 2 729 рет оқылған.
10. Күн энергиясымен нысандарды қалай жылытуға болады?
Қазақстан нарығына жасыл энергия технологиясы енбек. Оның болашағы қандай? Күн сәулесін жылу жүйесінде қалай пайдаланамыз? 5 сәуір күнгі материалда қазақстандық компанияның инновациялық технологияны қалай құрастырғаны баяндалады. Ол бүгінге дейін 2 588 рет оқылыпты.