Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ресейде пара алған шенеунікті өлім жазасына кесу ұсынылды

Фото: 24.kz

Не болды?

Ресей мемлекеттік думасы пара алған шенеунікті өлім жазасына кесетін заң жобасын талдады. Бастама авторлары мұндай әрекетті мемлекетке опасыздық жасаумен теңестіруді ұсынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

DW басылымының мәліметінше, «Әділетті Ресей» партиясының жетекшісі Сергей Миронов RTVI телеарнасына берген сұхбатында, қолданыстағы заңнама пара алған шенеунікті жазалауға жеткіліксіз екенін айтқан.

Лауазымды тұлғаның пайдакүнемдік мақсатпен жасаған әрекеті өзгелерге зиян келтірсе, бұл заңнамадағы олқылықтың белгісі. Мұндай қылмысты тыңшылықпен және мемлекетке опасыздықпен теңестіру қажет, – дейді Сергей Миронов.

Заң жобасы бойынша, Ресей қылмыстық кодексіне «елдің қорғанысы мен азаматтардың қауіпсіздігіне зиян келтірген жемқорлық әрекеті» деген жаңа қылмыс бабы енуі мүмкін.

Ресейде өлім жазасы заң жүзінде ең жоғары жаза ретінде сақталғанымен, оған 1997 жылдан бері мерзімсіз мораторий жарияланған.

Елде ату жазасына кесіліп, үкімі орындалған соңғы адам – «Фишер» лақап атымен белгілі қылмыскер Сергей Головкин. Ол 1996 жылы атылған.

Контекст

Естеріңізге салайық, Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті еліміздің қай өңірінде коррупция жиі анықталғанын зерттеді. Кейінгі дерек бойынша, Қазақстанда жемқорлық азайғанымен, параның алыс-берісі артқан.

Мақалаға реакция