Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

5 сәуірде еліміздің көп бөлігінде жауын-шашын болады

Фото: Grani.lv

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстікте көктайғақ болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, Түркістан, Жамбыл облыстарында найзағай ойнайды, тұман түседі, күндіз бұршақ жауады, жел күшейеді.

Алматы ​​облысында 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, күндіз найзағай ойнайды.

Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында өзендердің деңгейі көтеріледі. Үлкен Алматы, Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні қаупі болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *