28 наурыздағы ауа райы: нөсер, найзағай, бұршақ пен жел

28 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады, оңтүстіктің кей жерлерінде нөсер жауады, тек батыс пен шығыста жауын-шашын болмайды. «Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, республика өңірлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Ақмола облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. Жамбыл облысында найзағай ойнайды, тұман түседі, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысында найзағай ойнайды, тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады. Түркістан облысында найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді. Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі. Ақтөбе облысында 18 м/с жел соғады. Алматы облысында жел екпіні 17-22 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында қардың еруінен өзендердің деңгейі көтерілуі және су тасқыны болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 28-30 наурыз күндері еліміздің көп өңірінде күн жауын-шашынды болатынын хабарлаған еді.