26 наурыз күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын жауады, оңтүстіктің жауын-шашын мол түседі, тек республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. «Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, найзағай ойнайды, жел күшейеді, оңтүстікте күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысында тұман түседі, көктайғақ болады, облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді. Қызылорда облысында найзағай болып, дауыл тұрады, жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді, тұман түседі, бұршақ жауады.

Солтустік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Түркістан облысында күндіз найзағай ойнайды, жел жылдамдығы 23 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола облысында тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында да тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел соғады, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Манғыстау, Атырау облыстарында тұман түседі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында және тұманға байланысты Нұр-Сұлтанда ескерту жарияланды. Алматының биігіндегі Үлкен Алматы және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні қаупі бар.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.