Жаңбыр, бұршақ, дауыл: 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында 2018 жылғы 21  қыркүйекте болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға қатысты болжау–консультациясын жария етті.

Қазақстан аумағының басым бөлігін циклон мен соған байланысты атмосфералық фронттар анықтайды, соның әсерінен көптеген облыста жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-шығыста жел соғып, шаңды дауыл соғады.

Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде өңірдің кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с-қа күшейеді. Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел секундына 22 метрге дейін күшейеді, Алматы облысында шаңды дауыл тұрады, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, күндіз жел 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл  облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі күшейеді.