Бейсенбіде ауа райы тағы да құбылмалы болады

14 наурыз күні Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын-шашын жауады, батыста толассыз жауын-шашын түседі. Өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады.

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, бүгін Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, күндіз жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, кей жерлерде жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақтөбе, Қостанай облыстарында тұман түседі, жел күшейеді, көктайғақ болады. Ақмола, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында да тұман түсіп, жел соғады, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Қарағанды, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау ​​облыстарында 15-23 м/с жел соғады.

Ауа температурасының жоғарылауына, қардың жіті еруіне және жауын-шашынның түсуіне байланысты Ақтөбе, Қарағанды облыстарында өзендердің деңгейі көтеріледі. Ақмола облысында тұман мен көктайғаққа және желдің күшеюіне байланысты ескерту жарияланды.