Сейсенбі Қазақстанда жауын-шашынды болады

5 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, республиканың солтүстігінде қар жауады. «Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады.

Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында 15-23 м/с жел соғады, кей жерлерде боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні 18 м/с-ке дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстарында тұман түсіп, кей жерлерде жел күшейеді, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады, жолдарда көктайғақ болады. Павлодар облысында көктайғақ болады, 15-20 м/с, түнде кей жерлерде 23-28 м/с жел мен жаяу бұрқасын соғады.

Ақмола облысында және Астанада боран, тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды.

Астана

5-7 градус аяз

Алматы 

7-9 градус жылы

Шымкент

9-11 градус жылы

Көкшетау

3-5 градус аяз

Ақтөбе

1-3 градус аяз

Ақтау

8-10 градус жылы

Талдықорған

6-8 градус жылы

Атырау

4-6 градус жылы

Қарағанды

4-6 градус жылы

Павлодар

1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін

Петропавл

4-6 градус аяз

Қызылорда

3-5 градус жылы

Орал 

2 градус жылы

Өскемен

1-3 градус жылы

Тараз

8-10 градус жылы

Қостанай

3-5 градус аяз

Түркістан

8-11 градус жылы

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да