14 қыркүйек күні Қазақстанның екі облысында үсік жүреді

Тек елдің батысы және солтүстік шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстікте, шығыста және орталықтың кей жерлерінде тұман күтіледі. Орталықта және  солтүстікте кей жерлерде үсік күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай,  Шығыс Қазақстан облыстарында, таңертең және күндіз  Батыс Қазақстан,  Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде  тұман күтіледі.

Түнде Қарағанды, Ақмола облыстарында топырақ бетінде үсік жүреді, суық 1-3 градус деп күтіледі. Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

ДереккөзҚазАқпарат