«Жетісудың жеті кереметі» археологиялық саябағы мұражайға айналады

Қазақстандағы тұңғыш «Рухани жаңғыру» орталығы Талдықорған қаласында іске қосылды. Оны есеп беру жиынында облыс әкімі Амандық Баталов айтты. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай «Ұлы жебе» мемориалдық кешені ашылды. Талғар ауданының Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейі салынды.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында «Жетісудың жеті кереметі» ашық аспан астындағы археологиялық саябақ мұражайға айналады. «Жетісудың жеті өнері» атты ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстар, «Цветение яблони Сиверса» туристік фестивалі және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

Өткен жылы Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 255 жоба іске асырылды.