Орбұлақ шайқасы қалай өтті?

«Орбұлақ» тарихи қойылымын Алматы облыстық жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды. Дайындық 4 ай бойы  жүргізілген. Шайқас өтті деген жер Жаңатас маңы болғанымен, қойылым үшін ыңғайлы орын ретінде Талдықорған қаласы таңдап алынды.

Қойылымды талдықорғандықтар, қала қонақтарымен қатар 25 қазақ, 25 орыс тілді блогшы мен мен 15 журналист тамашалауға шақырылыпты. Олардың қатарында біз де қойылым өтетін орынға келдік.  Кең жазыққа үлкен ауыл орнағандай. Қақпадан кіргеннен кейінгі жолдың сол жағында көрмелер ұйымдастырылған. Оң жақ бетінде бірнеше сағатан кейін Орбұлақ шайқасы басталады. Тарихи шайқасы тамашаламастан бұрын күреске қатысып, асық атып, кәуап пен палаудан дәм татуға мүмкіндік туды. Қымыз -пати де бар. Жол бойына мынадай мүсіндер орналастырылған.

Қазақ хандығына 550 жыл деген тақырыптағы жейделер сатып алуға болады. Бағасы -2300 тг.

«Жартылай қазақстандық өнім». Материалдары Қырғызстан, Қытайдан әкелініп, елімізде тігіледі. Автоөндірістен үлгі алған болуы керек. Дегенмен, бағасы қолжетімді. Туфли 8 000 теңгеден, етіктер 15 000-20 000 теңгеден сатылады.

Қазақ батырларының бейнесіндегі мүсіндер 1500 — 4000 теңге аралығында. Көрсең көңіл қуанады. Кешкілік айналып келгенімізде барлығы сатылып кетіпті. Міне, сізге патриотизм.

Бұл жаттығу велосипеді Д.Қонаевқа тиесілі. Алматы облысы, Балқаш ауданының кәсіпкері аукционнан 18 млн теңгеге сатып алған екен. Қазір аудандағы Д.Қонаев атындағы орта мектептегі мұражайға қойылған. Кәсіпкердің кім екені айтылған жоқ. Көрме ұйымдастырушыларының сөзінше, үнемі мұражайға үнемі қолдау білдіріп келеді. Бұл экспонаттан бөлек, Д.Қонаевтың картиналары мен қолданылған заттарын да әкелген.

Ойрантөбе маңынан табылған батыр сауытының бір бөлшегі. Осы жерде Райымбек батырдың шайқасы өткен деседі. Алақандай ғана тордың айтарлықтай салмағы бар. Енді батырлар мұны денесіне киіп тұрғанда салмағының тіпті ауыр болар. Әрі 2-3 қабаттан тұрады.

Кең дала өткен сән үлгісі — ең әсерлі көріністердің бірі. Софиттер жарқылы мен жоғары моданы күн сәулесі мен нағыз еркіндік атмосферасы алмастырды.

Санаулы минуттардан кейін басталатын шайқасқа соңғы дайындық жүргізіліп жатыр. Қоюшы режиссерлері — облыстық Жастар саясаты басқармасының басшысы Алпысбаев Рустам және каскадер Бауыржан Абишев. Соғыс сахналарын KAZAKH UNION ACTION TEAM командасы қойды.  Барлығы 600 адам қатысты.

Дегенмен соғыс-соғысымен, демалысты ешкім кері шегерген жоқ.

Кішігірім спойлер. Бірнеше минуттан кейін киіз үй мен жас жігіттің сауыты отқа өртенеді. Қуыршақ жауынгер — жігіттің каскадері, оны қалмақтар аттың ортасына байлап, екіге бөліп тастайды. Нағыз голливудтық трюктен кем емес.

1640 жылы қазақ даласын нысана ретінде қарастырған құрылтай өткізіп, 1643 жылы Батыр Қонтайшы 50 мың қолымен жорығын бастайды.

Бірақ Салқам Жәңгір бастаған 600 жауынгер түрлі айла арқылы, қалмақ қолына үлкен бөгет болады. Дер кезінде көмекке келген Жалаңтөс баһадүрдің 20 мың әскерімен жауды келген жеріне қуып тастайды.

Мұндас масштабтағы ұрысты шынайы көру үлкен әсер сыйлады. Жауды жеңіп, жоңғарлардың қашып бара жатқан сәтінде көпшілік шулап қоя берді. Кітаптан оқып сезінген тарих көз алдыңа тұрғандай. Тарих қаншалықты өзгеріске түссе де, дәл осындай ерліктің болғанынан еріксіз сенгің келеді.