Басты бет / Жаңалықтар /
Гүлзат Қанат, психолог. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Гүлзат Қанат, психолог. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Енді психологтардың қызметі заңмен реттеледі. Не өзгереді?

Қазақстанда психологтардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі құрылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жаңа бастама психологиялық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін қалыптастыруға, психологтардың кәсіби қызметіне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеуге және азаматтардың сапалы психологиялық көмек алу құқығын қорғауға бағытталған.

«Психологиялық қызмет туралы» заң бойынша, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі психологтардың мемлекеттік тізілімін жүргізуге, кәсіби әдеп кодексін әзірлеуге және заңда көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерді дайындауға жауапты болады.

Ведомствоның мәліметінше, қазір қажет нормативтік құқықтық база әзірленіп жатыр. Сонымен қатар психологтардың мемлекеттік тізілімін цифрлық форматта енгізу және оны қолданыстағы мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялау мәселелері пысықталып жатыр.

Министрлік заң талаптарын тиімді іске асыру үшін кәсіби қауымдастықтармен, мемлекеттік органдармен және өзге де мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейтуді жоспарлап отыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram