Ақпанның 22-сі күнгі ауа райы: тұман, көктайғақ, жел мен бұрқасын

«Қазгидромет» 22 ақпандағы ерекше метеорологиялық құбылыстарға қатысты болжамын ұсынады. Синоптиктердің мәліметінше, бүгін республиканың батысында және солтүстік-батысында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын жауады. Республиканың басқа өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, жел күшейеді.

Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында күн тұманды болады, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын соғады.

Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында жаяу бұрқасын соғады, жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, жел, көктайғақ, тұман, қардың еруі) Қызылорда, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жарияланды.

Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты Федоровка — Ақсай, Ақсай — Шыңғырлау, Бөрілі — Ақсай — Жымпиты, Шыңғырлау — Лубенка — Сегізсай автожолдарында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.

Бүгін Астанада 5-7 градус аяз, Алматыда 2 градус аяз, Шымкентте 7-9 градус жылы болады.