12 ақпан күнгі ауа райы: қар жауады

12 ақпанда Қазақстанның көп облысында қар жауады, батыста, солтүстік-батыста және орталықта күн ашық болады. «Қазгидрометтің» мәліметінше, республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын соғады.

Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, секундына 17-22 метрге жететін жел соғады, жекелеген аудандарда жел екпіні 28 м/с-ке дейін күшейеді. Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 23 м/с-ке жетеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында да жел күшейіп, бұрқасын соғады. Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында тұман түседі, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында көктайғақ болады.

Оңтүстік өңірлерде ауа температурасының жоғарылауынан қар еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін.