Алдағы тәуліктерде ауа температурасы жоғарылай түседі

«Қазгидромет» РМК мамандары 12-14 ақпан күндері ауа райы қалай өзгеретінін хабарлады.

Республикамызда температураның өткінші төмендеуіне себеп болған солтүстік-шығыс тропосфералық ағындары батысқа және  оңтүстік-батысқа ауысты. Сондықтан алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа температурасы климаттық мәнге жақын болады, — деп хабарлайды синоптиктер.

Бұл күндері оңтүстік облыстар арқылы циклон жылжып, оңтүстік және оңтүстік-шығыста ауа температурасының жоғарылауына және жауын-шашынға себеп болады. Ал Қазақстанның қалған аймағында антициклонның ықпалынан жауын-шашын болмайды.