31 қаңтардағы ауа райына болжам

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, батыс пен солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерді тұман басып, көктайғақ болуы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 23-28 метрге дейін барады.

Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді.

Алматы облысының кей жерін тұман басады, көктайғақ болады. Түнде желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге, Алакөл ауданында 20-25, екпіні секундына 30 метрге дейін барады.

Түркістан облысындв тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20, түнде  екпіні 25 метрге дейін күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барып, бұрқасын болады.

Павлодар облысының кей жерінде күндіз бұрқасын, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады. Түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарын тұман басады. Қызылорда облысында көктайғақ болады.