Астанада тағы бір жылы аялдама орнатылады

«Меридиан» СҮ аялдамасында орналасқан жабық типті жылы аялдама пайдалануға беріледі. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

9 желтоқсанда «Меридиан» СҮ аялдамасында орналасқан жабық типті жылы аялдама павильоны пайдалануға беріледі. Жылы аялдама Сәтбаев көшесінің бойында Майлин көшесіне қарай қозғалатын бағытта орналасқан. Автобустың келуін күтуші жолаушылар аялдамада жаңбыр мен қардан, желден оқшаулана алады, — делінген «Астана LRT» хабарламасында.

Аталған аялдамада Сәтбаев көшесімен тура жүретін № 4, 4а, 20, 24, 44, 61, 71 бағдарлар тоқтайды. № 23, 31 және 73 бағдарлар Петров көшесіне қарай қатынайтын бағытта «Меридиан» СҮ аялдамасында тоқтамайды.

Сәтбаев көшесінде орналасқан «Евразия» СҮ аялдамасы Сәтбаев көшесі, 11 мекен-жайынан Сәтбаев көшесі, 13 мекен-жайына көшіріледі.