Астана жолаушыларының тек 6%-ы жолақыны қолма қол төлейді

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл транспорт компаниясының талдау жасауға және алынған мәліметтер арқылы қаладағы бағдарлар желісін сапалы реттеп, автобустардың кестесін құруға мүмкіндік береді.

Статистикаға сәйкес  бүгінге дейін жұмыс күндері жолаушылар орта есеппен 712 мың сапар шексе, демалыс күндері бұл көрсеткіш  470 мыңды құраған. Тәуліктік ең жоғары жолаушылар ағынының көрсеткіші – 759 мың сапар. Бірегей картаны 605 мың адам пайдаланады, орта есеппен жеңілдікпен жүретін жолаушылар ағыны – 76,5 мың сапарды құрады. Сонымен қатар, ЖЭТЖ қолданудың үлесі — 94 % тең, — деді әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Оның айтуынша жолаушылардың 93% көлік картасын пайдаланады, 0,4% QR-код арқылы төлейді, 0,6% СМС арқылы төлесе, 6% жолақыны қолма қол ақшамен төлейді. ЖЭТЖ енгізу, оның бағалауынша, жолаушылар ағынын ашық етіп, оның салдарынан тасымалдау табысының 30% өскен.

Көлік картасын толтырудың 10 әдісі бар: RTVM терминалы, киви, теңге және касса 24, мамандандырылған кассалар, Transcart.kz, kaspi.kz. сайттары арқылы төлеуге болады. Жыл соңына дейін тағы да 100-ден астам бір мезетте толтыратын агенттік орындар пайда болады. Бұл көліктік картаны толтыруда активацияны қажет ептейтін жаңа, жылдам, сол сәтте орындалатын тәсіл, — деп хабарлады «Астана LRT» ЖШС төлем жүйесі департаментінің директоры Дәурен Нұралиев.