Астана LRT автопарктің үздік жүргізушілерін марапаттады

Астана әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тәуелсіздік күні қарсаңында «Астана LRT» ЖШС автопарктің үздік жүргізушілерін анықтады.

Бұл атаққа бірде-бір жол-көлік оқиғасын жасамаған, жол қозғалысы ережесін бұзбаған, басшылықтан бірде-бір рет ескерту алмаған, жолаушылардан алғыс алған жүргізушілер ғана бақталаса алды.

Айтылған критерийлерге сай Астанада қоғамдық көлік жүргізетін үздік сегіз жүргізуші анықталды. Олар: Ф. Гаджабалаев («№ 1 Автобус паркі» АҚ), М. Фазылов («№2 автобус паркі» ЖШС), Б. Өмірбеков («№ 3 Sk автобус паркі» ЖШС), М. Болатов («№ 4 автобус паркі» ЖШС), Н. Тойшиев («№ 5 BUS автобус паркі» ЖШС), Е. Сыздықов («Жорга МТ» ЖШС), Е. Ордабеков («№7 автобус паркі» ЖШС), С. Рогальский («Ырыс» № 8 автобус паркі» ЖШС).