Өткен тәулікте Астана көшелерінен 30 мыңнан астам текше метр қар шығарылды

1 желтоқсанда қаланы қардан тазалауға 324 жұмыскер шықты. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана Тазалық» ЖШС-нің мәліметінше, қар тазалау жұмыстарына мамандандырылған техниканың 586 бірлігі жұмылдырылған. Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі — 32059 текше метр.

«Астана Тазалық» қала сыртына қардың 13465, өзге мекемелер 16994,  «Астана көгалдандыру құрылысы» 1600 текше метрін шығарды.

16 қазан мен 1 желтоқсан аралығында шығарылған қардың көлемі –  535459 текше метр. 1 желтоқсанда құм-тұз аралас қоспаның 507,5текше метрі себілді.13 қазан мен 30 қараша аралығында жолдарға шашылған құм-тұз аралас қоспаның жалпы көлемі 9669,5 текше метрді құрайды.

Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша Астананың iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.