Астаналық оқушылар Президентке арнаған тілегін суретпен жеткізді

Қалалық №1 өнер мектебінде Тұңғыш Президент күніне арналған «Президентке тілек» балалар шығармашылығына арналған байқаудың қорытындысы шықты. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Президентке тілек» балалар шығармашылық конкурсының мақсаты: өскелең ұрпақтың бойына патриоттықты, Отанға, Президентке деген сүйіспеншілікті сіңіру, балалар шығармашылығын қолдау, көркем мәдениетті насихаттау, жастардың ұлттық мәдениетке, тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Байқауға Астана қаласы мектептерінің оқушылары қатысты. Жұмыстар қағаз шығармашылығы, акварельмен салынған картиналар, тоқыма материалдарынан, ағаштан жасалған.

Мен біздің балаларымыздың дарынды және қабілетті, жақсы жаңа ақпаратты қабылдауға дайын екендігіне қуаныштымын. Олардың әрқайсысының көзінде оты бар. Оқушыларға қатысқаны үшін, ал сынып жетекшілеріне қолдау білдіргендері үшін алғысымды айтамын,- деді №1 өнер мектебінің директоры Фархад Сәбиев.

Қалалық білім басқармасының және өнер мектебінің комиссия мүшелері 320 жұмыстың ішінен 36 жұмысты іріктеп, оларды жүлделі орындарға лайық деп таныды. Байқауға қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен марапатталды.