Астанада түрлі саланың мамандары отбасылық дағдарыс кезеңдерін талқылады

Психологтар, педагогтар, ювеналдық соттың судьялары және отбасылық қатынастар және гендерлік саясат саласындағы мемлекеттік органдардың өкілдері қазіргі кезде отбасыда болатын дағдарыстық кезеңдерін талқылады. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл мәселенің өзектілігін Қазақстандағы отбасының жағдайы туралы статистика көрсетіп тұр. Елімізде әр үшінші неке бұзылады.

«Келешек» психологиялық орталығының директоры, Астана әкімдігі жанындағы әйелдер және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Наталья Семененко азаматтардың  объективті және субъективті себептерге байланысты ажырасатындығын айтты.

Бірішісіне, оның пайымынша, урбандалу мен әйелдердің эмансипациясы сияқты қоғамда орын алатын өзгерістер жатады.

Ажырасуға әкеп соғатын субъективті себептерге ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көзіне шөп салуы, алкоголизм, нашақорлық пен жұбайлардың бірінің басқа нәрселерге тәуелділігі, отбасындағы билікке талас. Сондай-ақ, жас отбасының өміріне ата-аналардың араласуы, зорлық-зомбылық, некеге тұруға жұбайлардың психологиялық тұрғыдан дайын болмауы, қаржылық және тұрғын үй мәселесі, некеге мәжбүрлеу жатады

Қазіргі таңда Алматы аудандық сотының базасында отбасылық сот құруға қатысты жоба жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта барлық отбасылық соттар ювеналдық соттың базасында құрылатын болады деп жоспарлануда. Біздің сот балалар құқығын қорғаса, отбасылық сот тұтас отбасыны қорғайды. Біздің әрқайсымыз үнемі ең басты құндылық – отбасы екенін естен шығармауымыз керек. Балаларымыздың  бойында да өмірге, отбасына және жақындарына деген дұрыс қарым-қатынасты тәрбиелеуіміз керек, — деді ювеналдық соттың судьясы Динара Макарьина.