Алматыда электрондық сауда дамып келеді

Алматыда электрондық сауда 55%-ға көбейді. Бұл туралы Бауыржан Байбек инвестициялық форумда айтты.

Оның айтуынша, Алматы «Адамдар үшін» қағидасы бойынша жаңғырып жатыр.

Біз қалалық ортаны қала адамдар үшін қағидасы бойынша жаңғырту үстіндеміз. Бұл жаңа технологиялардың дамуына және жаңа талант иелерінің тартылуына серпін береді. Замануи стандарттар бойынша тарихи орталықтың 3/2 бөлігі жаңғыртылды. Тротуар мен жасыл аймақтар кеңейтілуде. Жаяу жүргіншілердің мекемелерге баруы 40 пайызға ұлғайып, ондағы сауда айналымы 1,5 есеге өсті. Қала тұрғындары велосипед пен электр самокаттарын белсенді пайдаланады, – деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Интернет дүкенінің және қолма-ол ақшасыз есеп айырысудың 64 пайыз айналымы Алматыда шоғырланған. Бұл Қазақстан бойынша онлайн коммерцияның жартысынан астамы осы мегаполисте іске асады деген сөз. Ал, БҰҰ-ның электрондық үкімет рейтингісінде 25-орында орналасқан.

Қазақстанның 2018-2022 жылдары іске асуы тиіс «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасындағы электрондық сауданы дамыту міндетін Алматы уақытынан бұрын орындап қойған секілді, — дейді сарапшылар.