29 қарашадағы ауа райына болжам

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Ақмола облысында жел күшейіп, екпіні 25 м/с жетеді. Кей жерлерде 30 м/с және одан жоғары болады. Көктайғақ болуы ықтимал.

Павлодар облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 25 м/с, кей жерлерде 30 м/с асады. Көктайғақ болуы мүмкін.

Қостанай облысында 15-20 м/с жылдамдықпен соғатын желдің екпіні 23 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, тұман болуы мүмкін.

Қарағанды облысының жекелеген аумақтарында бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады деп болжанды, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістанда және түнде Алматы облыстарының кей жерлеріне тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерін тұман басып, жел 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында көктайғақ, тұман, бұрқасын, 15-20 м/с екпінде жел болады деп болжанды.

Атырау, Маңғыстау облыстарындың кей жерлерінде тұман болуы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с артады.