Басты бет / Жаңалықтар /
Бұрқасын боран қар күз
Фото: Siapress.ru

10 қарашада ауа райы қандай болады?

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 10 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, оңтүстік-шығыста және батыста екпінді жел мен бұрқасын соғады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады, 15-20 м/с жел соғады, Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көше-жолдар көктайғақтанады. Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында да кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Жамбыл, Алматы облыстарында 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда облысында тұман, көктайғақ пен желдің күшеюіне байланысты ескерту жариялады. Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» РМК демалыс күндері қазақстандықтар қысқы ауа райын сезінетінін хабарлаған еді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook

Мақалаға пікір қосыңыз