Мектеп оқушылары

Елімізде 1 қыркүйек күні 2,8 млн оқушы мектепке барады. Мәліметтер бойынша, олардың 370 мыңы – алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер.

Қазақстанның барлық орта білім беру мекемелерінде Білім күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Конституция күніне орай салтанатты түрде алғашқы қоңырау ұйымдастырылады, сондай-ақ бірыңғай «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында сабақ өтеді.

Жергілікті атқару органдарының мәліметіне сүйенсек, жаңа оқу жылы қарсаңында есігін ашқалы отырған мектептер саны – 7126. Жаңа оқу жылына дейін 60 жаңа мектеп пайдалануға берілу жоспарланған, ал 2016 жылдың соңына дейін 32 жаңа мектеп берілмек.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!