22 қазанда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК 22 қазан — дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Мамандардың мәліметінше, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, тек республиканың солтүстік жартысында циклонның өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы қалыптасады, кей жерлерде жауын-шашын болады. Өңірлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады.

Қарағанды облысында түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын болады.

Алматы, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғады.

Көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын мен оңтүстік-батыстан соғатын күшті желге байланысты Ақмола облысында және Астанада ескерту жарияланды.